BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында келіншек темірден тоқылған іш киім киіп жүруге мәжбүр болған

Түркістан облысындағы Жібек жолы ауылында ер адам қызғаныштан әйелін темірден жасалған іш киюге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Жағаұстатарлық жағдай туралы Сарыағаш ауданы әлеуметтік-психиологиялық қамсыздандыру қызметінің меңгерушісі Марат Тарақтиев айтты. Сөзінше, ер адам әйеліне сенбегені сонша, ұрып қана қоймай, сымтемірден жасалған іш киім жасаған. Әйелі түнгі ауысымға шыққанда темір іш киімді киюге мәжбүрлеген. Ал үйіне оралған соң шешіп, жарын тексерген.

Марат Тарақтиев Сарыағаш ауданында 88 тұрғынның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады. Олардың 74-і әйел болса, 14-і ер адам. Ал Жібек жолы ауылдық округінде 15 әйел ауруханаға түскен.

Back to top button