BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 56-ға жетті. Елордада тағы 2 адамнан індет анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді, деп хабарлайды Banews.kz ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналына сілтемемен.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 09.00-дегі жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында 22 адам, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1 адам — жалпы 56 науқас тіркелді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button