BasNewsЖаңалықтар
Астанада Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды», – делінген партия хабарламасында.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.



