BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінде алғашқы қар жауды

Қазақстанның солтүстігінде алғашқы қар жауды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қыркүйектің соңғы аптасында жауған алғашқы қардың суреттерін бөлісіп жатыр. Ақ ұлпа қар әлі сарғайып үлгермеген гүлдер мен ағаштарды басып қалған.

Жазбаларға қарағанда, қар түнде жауып, таңға қарай ери бастаған.

Қазгидромет мәліметінше, ауа райының салқындауы суық антициклонға байланысты. 27 қыркүйекте елдің солтүстік аймақтарында түнде термометр көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендеп, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында күндіз термометр 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button