BasNewsЖаңалықтар

Өткен тәулікте 29 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Астана қаласында – 7, Алматы қаласында – 9, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 2, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1,Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 1.

Сондай-ақ 3 қазандағы тәулік ішінде 104 адам аталған індеттен жазылып шықты: Астана қаласында – 10, Алматы қаласында – 12, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 15, Қарағанды облысында – 6, Ұлытау облысында – 2,Қостанай облысында – 46, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 6, Түркістан облысында – 3.

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button