BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысының тұрғыны коронавирус жұқтырды

Ақтөбе облысында бір адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды BasNews.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 наурыздағы 20.30 сағаттағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тіркелді, – делінген хабарламада.
Осылайша, елімізде вирус жұқтырғандар саны 58 болды. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелген.



