BasNewsЖаңалықтар

Кейінгі тәулікте коронавирус 39 адамнан анықталды

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 39 адамнан анықталды, тағы 3 адам коронавирус пневмониясын жұқтырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 8 қазанға дейін аталған індетке 1 393 974 адам шалдықты. Қаза болды – 13692 науқас. Ал пневмония 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 7 қазанға дейін 90 096 адамда тіркелді. Қайтыс болды – 5 360 пациент.

Қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 082 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан – 945 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 137 (КВИ-) науқас.

116 пациент стационарда жатса, 966 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • – 6 адамның жағдайы ауыр,
  • – 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • – 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button