Жаңалықтар

Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс істейді

Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс істейді. Оның 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі. Осы спорт мекемелерінде 17 944 спортшымен штаттағы 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 71 түрі дамытылады. Оның ішінде 38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері. Жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрайды.

Қаладағы спорттық инфрақұрылым мәселесі.Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы»

Құрылыс «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 100% аяқталды. Құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде

«Жаңа ипподром құрылысы»

Құрылыс «BI Group» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтап, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Әкімшілік ғимарат қаңқасы тұрғызылып, іргетасы қаланды (100 %). Трибунаның шатыры орнатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жазғы атқора құрылысы 100 %-ға, қысқы атқораның құрылыс жұмыстары 80 %-ға аяқталды. Қазіргі уақытта, қысқы атқораның ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Ал конкур, көкпар, бәйге алаңы құрылысы – 90 %-ға (тегістеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы төсенішін төсеу жұмыстары жоспарлануда) орындалды. Ветеранарлық блоктың құрылысы 70 %-ға (нысан қабырғасы қаланып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде) аяқталса, инженерлік жүйе жұмыстары 30 %-ға орындалды. Қазіргі уақытта, жабық конкур манежінің құрылысы (жер жұмыстары, калонналырын тұрғызу жұмыстары аяқталып, ферма құрылысы басталды) жүргізілуде (25 %-ға орындалған).

«SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы

Орынбаев, Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанда қарастырылған 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта, ангар ішіне қажетті жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар, қосымша ғимарат қабырғалары қалалынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

«TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Еңбекші ауданы, 12 мөлтек аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180)

Басқа жаңалықтар

Back to top button