«Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында биыл іске қосты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты.
Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) іске асырылуда.
Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (Скандинавиялық жүріс, Үстел теннисі, Каратэ, Фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
«Tartyl fest» спорт фестивалі
Қаламызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді. «Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты. Қатысушылар арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да болды. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды.
«Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі
20 тамыз күні Орталық саябақта «Спорт күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі өтті. Іс шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және облыстың жас тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, спорттың брусьяда тартылу түріне қызығушылыған арттыру болып табылады. Жарысқа Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, бақтарын сынады. Жалпы 357 адам тіркеліп, сайысқа түсті. Жеңімпаздар 3 жас ерекшелігі бойынша анықталып, қаржылай сыйақымен марапатталды.
«Shymkent Marathon» бұқаралық-спорттық іс-шарасы
Шымкентте биыл 5-ші рет өткен жүгіру марафоны рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар. Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. 5, 10, 21, 42, скандинавиялық жүріс (5 км.)



