Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті болып табылады

Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті болып табылады. Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығы зор.Ол жергілікті атқарушы органдармен, Мемлекеттік аумақтық бөлімшелерімен және Ішкі істер министрлігімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуде. Қор барлық коммуникация арналары бойынша халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі.Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Избасарованың қатысуымен Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары бойынша өткен баспасөз жиынында мәлім болды.
«Сегіз айда Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталыққа 55 759 өтініш келіп түсті. Өтініштердің 51 809-ы (93%-ы) – кеңес беру сипатындағы мәселелер.Өтініштердің құрылымы медициналық көмектің сапасына және денсаулық сақтаудың басқа да мәселелеріне қанағаттанбаудың барлық жағдайлары бойынша азаматтар шұғыл шаралар қабылдау үшін біздің қорға шағым жолдайтынын көрсетеді. Бізге 8 айдың ішінде 759 астам шағым түсті (өтініштердің жалпы санының 1,3%). Ең жиі кездесетіні – медицина қызметкерлеріне емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеу туралы шағымдар. Медицина қызметкерінің емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеуі – 25 (3,2 %), сапасыз медициналық көмек көрсету – 22 (2, 8%), КДҚ (Оның ішінде профильдік дәрігерлердің кеңесі, КТ, МРТ және т.б.) ұзақ уақыт күту – 28 (3,6%). Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін шағымдар бойынша Қор мамандары экономикалық ықпал ету шараларын қолдана отырып, жоспардан тыс мониторинг жүргізуге шешім қабылдайды» -деді спикер.
Ұйымдарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу оның сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана төленеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Филиал медициналық ұйымдарға қатысты 54 550 астам кемшілікті анықталып, 1,1 млрд теңге соммаға айыппұлдар салынған. МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша келесідей жоспарлар болуда. Қор жүйенің басқа қатысушыларымен – уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және тікелей медициналық ұйымдармен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеуде.
Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде. Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді.



