БУРАБАЙДА ЕЛОРДА ТЕОЛОГТАРЫ МЕН ДІНТАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Астана қаласының «Дін істері басқармасы» ММ бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Катаркөл көлінің жағасында, «Green wood» оқу орталығында теологтар мен дінтанушыларға арналған 3 күндік біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастырды. Жоғары білікті мамандар теологтар мен дінтанушыларды үш бағытта – теология, психология және шешендік өнер бағытында оқытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – теологтар мен дінтанушылар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, бірлескен шешімдер іздеу, жұмыстың тиімділігін арттыру. Мұндай іс-шараларды өткізу теологтар мен дінтанушылардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.
Іс-шараға қатысқан спикерлер:
Есбергенов Ерлан Жұмажанұлы – ҚР АҚДМ ДІК оңалту жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы;
Әлмұханов Нұрдәулет Иманәліұлы – Астана қ. «Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы;
Кеңшілік Тышқанұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры;
Сәуле Ізбасарова – психология ғылымдарының кандидаты;
Меруерт Алжанова – сертификатталған ЅММ маманы;
Толқын Аманбек – көпшілік алдында сөз сөйлеудің жаттықтырушысы және сарапшысы.