BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында 50-ден аса күзетші мінген автобус аударылып қалды
Ақтөбе облысында 52 күзетші отырған автобус аударылып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia NEWS-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Ақжар ауылының маңында болған.
Автобуста 52 жолаушы отырған, оның бәрі жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері.
Салдарынан 9 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, Хромтаудағы орталық ауруханаға жеткізілді.



