BasNewsЖаңалықтар

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті растады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың 14 қазанында болған. Қалалық ІІД және полиция басқармасының қызметкерлері қашқынды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

«Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы «Қызмет орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу және басқа да мәліметтерді жария етуге жатпайды», –  деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button