Жаңалықтар
Түркістанда атмосфералық ауаның ластануы 65% төмендеді

Түркістанда жеке сектордағы және көп қабатты тұрғын үйлердің 90%-дан астамы табиғи газға қосылды.
Нәтижесінде, Түркістанда атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген.
Соңғы үш жылда облыста су қоймалар салу, ағын суды молайту, көлдерді қалпына келтіру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.
Мұндай кешенді шаралар Республика бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейін Түркістанда қолға алынып, атқарылып жатыр.



