BasNewsЖаңалықтар

Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек – Президент

Алматы облысының жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бау-бақшаны дамыту мақсатында қандай шаруалар атқарылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек. Бұл өңір алмадан басқа да түрлі жеміс-жидек өсіретін бау-бақшасымен танымал.

Оны дұрыстап дамытса, облыс елімізді жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатыны сөзсіз.

Алматы қаласының іргелес тұруы да – қолайлы фактордың бірі. Қазір менің тапсырмам бойынша шаһардың азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Бұл бастама жүзеге асса, облыстың ауыл шаруашылығы тың қарқынмен дамиды», – деді Мемлекет басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button