BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында мәлімдеді, – деп хабарлады Basnews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» а/ж бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасаған. Кейін рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған әйел мен оның қызын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button