BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Ақтөбе облысындағы қоқыс алаңдарының бірінен сәбидің денесі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: Анасы дәретханада босанып қалғанын айтты

“23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды”, – делінген ақпаратта.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

“Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, – деп қосты полиция.

Басқа жаңалықтар

Back to top button