BasNewsЖаңалықтар
Сатпаев қаласында көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті
Сәтпаев қаласында көлік қала атауы жазылған бағанға соғылып, өртеніп кетті. Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Полиция мәліметіне сәйкес жол-көлік оқиғасы 25 қазанда Жезқазған-Есіл-Петропавл тас жолында болған.
«Сәтпаев қаласынан Жезқазған қаласына шыға берісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.
Ұлытау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.



