BasNewsЖаңалықтар
Еуропалық кеңестің президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ, осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес президентінің кездесуі жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.



