«ҚазМұнайГаздың» 32 қызметкері карантинде жатыр

«ҚазМұнайГаздың» 32 қызметкері карантинде жатыр , – деп хабарлайды Basnews.kz.
«ҚазМұнайГаздың» ресми хабарламасында 32 адамның екеуі Атырау мен Павлодарда стационарлық бақылауда екені айтылды. Қалған 30 қызметкер үй карантинінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Шымкентте болады. «ҚазМұнайГаздың» барлық қызметкерлері шет елдерден келіп, бірден карантинге жатқызылған.
Компанияның 8 қызметкері (орталық аппараттың 2 қызметкері және еншілес компаниялардың 6 қызметкері) екі апта оқшауланып, қазіргі уақытта карантиннен шықты, тест нәтижесі коронавирусты анықтаған жоқ.
«24 наурыздағы жағдай бойынша, ҚМГ қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ», – деді компания өкілі.
Еске салайық, бұған дейін «ҚазМұнайГаздың» екі қызметкері коронавирусқа күдікті болғаны хабарланған.



