BasNewsЖаңалықтар

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, шекарадан 73 адам өтіп кеткен, 11 кәсіпкерлік субъекті жауапкершілікке тартылды.

«Карантин режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 84 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 39-ы қамауға алынды. Мысалы, 2020 жылдың 23 наурызында карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П. есімді адам екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – деді қала прокуратурасының өкілі.

Сондай-ақ, құжаттарсыз және жоғары бағаға медициналық маскаларды сатқан 9 дерек анықталғаны туралы хабарланды.

«4 миллионнан астам маска тәркіленді, олар Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді», – делінген хабарламада.

Прокуратура төтенше жағдай режимін бұзғандар туралы деректерді мына телефондар бойынша хабарлауға болатынын еске салды: +701-172-27-07, +7-701-755-06-99, кезекші прокурордың телефоны: +7 (727) 265-03-03-03 немесе Алматы, Желтоқсан даңғылы 189 мекен-жайына барса болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button