BasNewsЖаңалықтар

Степногорск тұрғыны үйінде алтын өндірісімен айналысқан

Ақмола облысының полицейлері ұрлық ісін тексере келе үй ішінен ашылған цехқа тап болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Степногор полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ұрылар түн ортасында үйіне түсіп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін айтқан. Шығын көлемі — 793,4 мың теңге.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде күдікті анықталды. Бірнеше рет істі болған 47 жастағы тұрғын ұсталды. Одан екі алтын алқа тәркіленген. Қалғанын балқытып, Степногор тұрғынына өткізіп жібергенін айтты», — дейді басқармадағылар.

Ақсу ауылында тексеріс жүргізу барысында ер адамның сарайынан алтын металы салынған темір ванна, құрамында алтыны бар материал салынған 31қапшық және электронды таразы тәркіленген. Ол кварц кенін өңдейтін цехты көктемде ашқанын айтыпты.

«ҚР ҚК 295-бабы (Құнды металдар мен тастарды, құрамында бағалы металл бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жұмыс істеп жатыр», — дейді полицейлер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button