Жаңалықтар

Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғам кеселі

Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық. Осы бір келеңсіз жайттың алдын алу мақсатында қаншама жұмыстар жүзеге асса да, оны түп тамырымен жоқ қылу бүгінде мүмкін болмай отыр. Ел үшін күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан айырылды, айырылысу ерекше фактіден қалыптыға айналды, ата-ананың ықпалы әлсіреді. Туыстар арасындағы даулар жиі қылмысты сипатта: ұрып-соғудан кісі өлтіруге дейін орын алуда.

Осы орайда Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева мен №81 жалпы орта мектебіне бекітілген Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Анар Махсудова білім беру мекемесінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция майоры Анар Махсудова «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты оқушыларға дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер оқушылардың жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

Сонымен қатар, Шымкентте тергеу саласындағы заңбұзушылықтарға жол бермеу бойынша сабақ өтті. 2022 жылдың 24-қыркүйегінде Еңбекші ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Батыр Мырзагелдиевтің қатысуымен сабақ өтті. Басқосуға тергеу, анықтау және криминалистика салаларының қызметкерлері шақырылған.

Кездесуде сөз алған полиция подполковнигі Б.Мырзагелдиев қылмыстық істерді тергеу барысында заңдылықтың сақталуын, оқиға орнын қарау, айғақты заттарды алу және тінтуді жүргізуді талдау тақырыбын қозғады.

Жиынға қатысушылар кездесу соңында аса ауыр санатты қылмыстардың дер кезінде ашылуы үшін жаңа міндеттерді жүктеп, шұғыл шешімдер қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button