BasNewsЖаңалықтар
Астанада 14 жасар қыз биіктен секіріп кетті

Астанада 14 жастағы жасөспірім қыз 19-қабаттан секіріп, мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен.
Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған.
Тексеру барысында бұл факті расталды.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол – 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлімдеді полиция басқармасы.



