BasNewsЖаңалықтар
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы үзіліп, бір адам мерт болды

4 қарашада Петропавлда Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде қайғылы оқиға орын алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің жеделсатысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам төменге – шахтаға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Петропавл қалалық ПД баспасөз қызметі.



