BasNewsЖаңалықтар

Алматыда аяғы ауыр келіншек тұрғын үйдің 8-қабатынан секіріп кетті

Алматыдағы «Алма сити» тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек өз-өзіне қол жұмсады. Ол үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде осыған қатысты бейнежазба тарап кетті. Марқұм 2000 жылғы, аяғы ауыр болғаны айтылған. Келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болды делінген.

Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.

«Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда»,- деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button