BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды

«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұл – жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы. Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алады. Кейін оны АҚШ долларына ауыстырған. 76 миллион теңгені Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен барлығы қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық көлемде өтелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button