BasNewsЖаңалықтар
Оралда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен ер адам бесінші тәулік қатарынан іздестірілуде
Оралда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен ер азамат бесінші тәулік қатарынан іздестірілуде, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспaсөз қызметі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«5 қараша күні таңертең 1949 жылы туған Орал қаласының тұрғыны Б., саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, қайтып оралмаған. 6 қарашада туыстары көмек сұраған. 6 қарашадан бастап Перевалочная тоғайы аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ішімдік ішпейді, есте сақтау қабілеті жақсы. Алайда өзімен бірге ұялы телефоны болмаған.
Бүгінде іздестіру-құтқару жұмысына 60-тан астам адам мен бірнеше техника жұмылдырылған.



