BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев Түркия президентіне және Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстамбұлдағы террористік актінің салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендерге байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.
«Осы қиын сәтте мерт болғандардың қайғысын бөлісе отырып, Қазақстан халқы және өз атымнан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.