BasNewsЖаңалықтар

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаға шығынды өтеу резолюциясын қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы көпшілік дауыспен Украинаға келтірілген шығынды өтеу туралы қарар жобасын қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бас Ассамблеяға мүше мемлекеттерге Ресейдің Украинаға келтірген шығыны мен залалы туралы шағымдар мен деректері бар «халықаралық тізілімді» жүргізуді ұсынатын құжаттың тең авторлары Канада, Гватемала, Нидерланды және Украина болды.

Қарарды қабылдауға 94 ел дауыс берді, 13 делегация қарсы дауыс берді, 74 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да БҰҰ-да дауыс беруден қалыс қалды. Бұл Украинаға қатысты Бас Ассамблея қабылдаған бес қарарды қолдаудың ең төмен деңгейі екені атап өтілді.

Back to top button