BasNewsЖаңалықтар

Бақытгүл Хаменова жеті жылға сотталды

Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға үкім шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бақытгүл Хаменова «пара алғаны үшін кінәлі» деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ баласы болуына байланысты жазасын өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

14 қарашада Бақытгүл Хаменова соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

31 қазан күні прокурор Лаура Асанова Атыраудың №2 сотында Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды.

2021 жылы 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның «жалғызбасты әйел» екенін, екі бала тәрбиелеп отырғанын, біреуі бала кезінен мүгедек екенін, қарт анасы бар екенін, бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырынбағанын ескерді.

2021 жылдың 23 желтоқсанында Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы наурызда тағайындалды.

Back to top button