BasNewsЖаңалықтар

Сайлау күні елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Сайлау күнінде Астана тұрғындары автобустарда тегін жүре алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық көліктер өзінің әдеттегі кестесіне сәйкес таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

«21 қарашадан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Back to top button