BasNewsЖаңалықтар
Енді Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы халыққа тиесілі болады– Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты байлығы туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде Тоқаев жеріміздің алуан түрлі ресурстарға бай екенін, Қазақстанның жер қойнауында бүкіл периодтық жүйе бар екенін атап өтті.
«Бұдан былай Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы олигархтар мен олардың мүддесін қорғайтын плутократ-шенеуніктерге емес, бүкіл халыққа тиесілі болады. Бұл маңызды ережені Конституция деңгейінде бекіттік. Алайда еліміздің ең басты байлығы – адам. Сондықтан мемлекеттің ең басты міндеті – олардың өз қарым-қабілетін іске асыруына барлық қажетті жағдайды жасау», – деді Тоқаев.