BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте бес ер адам 15 жастағы қызды зорлаған

Шымкентте бес ер адам 15 жастағы жасөспірімді зорлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Время” сайтына сілтеме беріп.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Абай ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі “Зорлау» бойынша қылмыстық іс тіркегенін хабарлап, фактіні растады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер берілмейді. Мектеп оқушысының пәтерге қалай тап болғаны әзірге белгісіз.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, қызды  бірінші пәтер иесі зорлаған, содан кейін оның төрт танысы оның дәрменсіздігін пайдаланып, зорлық көрсетті.

Back to top button