BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді
Өткен тәулікте елде 83 КВИ жұқтырған адам және пневмония белгілері бар КВИ-мен науқастанған 6 адам анықталды. Алдыңғы күні 72 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан 18 қарашадағы мәлімет бойынша, 790 адам коронавирус инфекциясынан (–612+ және 178 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 100 пациент стационарда, 690 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.