Саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 459,04 теңге (+0,42) болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,29 теңге (-0,14) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,67 теңге деп белгіледі.
Сондай-ақ рубльмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада Ресей рублінің орташа бағамы 7,58 теңге болды. Ұлттық банктің бағамы – 7,61 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 462-466 теңге, еуро 472-477 теңге, ресей рублі 7,27-7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
18 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Мысалы, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,7%-ға өсіп, барреліне 90,42 доллар болды.
АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,9%-ға өсіп, 82,39 доллар болды.