Түркия Сирия мен Ирак аумағына әуе шабуылдарын жасады
Түркия күрдтердің әскери базасын жою үшін Сирия мен Ирак аумағына әуе шабуылдарын жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл 13 қарашада Ыстамбұлда болған шабуылға қатысты. Ведомство олардың мақсаты «Күрдістанның жұмысшы партиясын» (КЖП), Күрдістан қауымдастықтар одағын (КҚО), күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын бейтараптандыру екенін көрсетті.
Әуе операциясы «Қылыш-тырнақ» деп аталды. Шабуыл 89 нысанды, соның ішінде бункерлер, үңгірлер, туннельдерді және оқ-дәрі қоймаларын жойды.
Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметі бойынша, 30-дан астам адам қаза тапты. Оның ішінде күрд әскерінің жауынгерлері, Сирия әскери күштері және бейбіт тұрғындар бар. Ондаған адам жараланды.
Ал Анкара «тек террористер нысанаға алынды» деп сендіреді. Сарапшылар әуе шабуылдарынан кейін жер үсті бомбаларының да болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.