BasNewsЖаңалықтар
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.
«Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта – қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.