BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында ер адам әйелін атып тастады

Құқық қорғаушы, НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова әлеуметтік желіде ер адамның әйелін атып өлтіргенін мәлімдеді. Оқиға Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Құқық қорғаушы жариялаған ақпаратта әйелдің артында үш баласы қалғаны айтылған.

«Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылында күйеуі әйелін анасының үйінде атып өлтірді. Екеуінің үш баласы бар. Полицияға ұстап берді, ол жақта барлығында қару бар. Сонымен қатар ол жерде ұлтаралық жанжал да жиі болады, бірақ бұл туралы айтылмайды, қанша кісі өлімі болды. Дегенмен кешегі жағдай барлығын дүр сілкіндірді. Әйел бір көшеден кейін тұратын анасының үйіне кеткен. Ал күйеуі есікті ашып, атып кетті. Қазақстанда зорлық көбейіп келеді, өте қорқынышты. Тез арада заң қабылдау керек», – делінген хатта.

Полиция департаменті 19 қарашада 47 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады. Сонымен қатар күдіктіден тіркелген атыс қаруы тәркіленді. Қазір ол қамауда отыр.

Back to top button