BasNewsЖаңалықтар

22 қарашадағы саудада доллар аздап төмендеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 462,75 теңгені құрады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,62 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,72 теңгені (-0,08) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 473,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463-466,5 теңгеден, еуро 473-478 теңгеден, ресей рублі 7,23-7,4 теңгеден сатылуда.

Ал, 22 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 87,85 долларды құрады.

Қаңтардағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 0,35%-ға өсіп, 80,32 долларды құрады.

Back to top button