BasNewsЖаңалықтар

Астанадағы есірткі сатқан медицина қызметкері ұсталды

Елордада полицейлер жұмыс орнында есірткі сатқан медицина қызметкерін ұстады. Бұл кезде дәрігер қалалық ауруханада болған, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Полицейлер аурухананы тінтіп шықты. Медицина қызметкерінің жеке шкафынан сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 4 полиэтилен табылды.

Есірткілердің жалпы салмағы – 240 грамнан астам гашиш. Бұл – аса үлкен мөлшер.

ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі көлемде өткізу немесе өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көкшетауда бес баланың әкесі гашиш сатумен айналысқан. Сот 40 жастағы ер адамға қатысты іс бойынша үкім шығарды.

Back to top button