BasNewsЖаңалықтар

СҚО-да әйел адамды ұрып өлтірген ауыл тұрғыны қамауға алынды

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданында ішімдік ішкен әйел мен ар адам жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеп соқты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлықпен өлтірудің белгілері бар 56 жастағы әйелдің мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Адам өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жәбірленуші екеуінің арасында жанжал туындаған. Оның барысында ер адам әйелге оның өліміне әкеп соқтырған соққылар жасаған», – деп көрсетті ІІМ баспасөз қызметі.

Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы анықтады. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Back to top button