Түркістан облысы

Сенім бар жерде даму бар

Сайлау – халықтың еркін білдіретін халықтың саяси көзқарасы. Сайлаудағы көрсеткіш сайлаушылардың саяси позициясының көрсеткіші.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік тұғырында Қазақстанның сыртқы саясаты» туралы очерктерінде еліміздің бейбітшіл бағытты қолдайтындығын алға тартып, барлық ерік-жігерімен эмоцияға жол бермегендігі туралы жазылған. Нық ұстанымы сыртқы саясатта ғана емес ішкі саясатта да қажеттілігін көрсетті. Қоғамдық ұйымдар, партиялар елдің дамуы үшін, тыныш тірлігі үшін, ұйысқан бірлігі үшін Халықтық коалиция құрып, бір мақсатқа бірігіп, ҚР Президенттігіне үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуы бекер емес, бағытының дұрыстығына сенгені.
Ал, 20 қарашадағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,3% дауыс жинауы ел үмітінің ақталғаны. 2019 жылдағы Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы 70,96% дауыс жинап, сайланған болатын. Арадағы үш жарым жылдай уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлына деген халықтың сенімі 10,24%-ке артқан.
Сол кездегі қабылданған сайлауалды бағдарламасы кезең-кезеңмен орындалып жатты. Бір ғана «Педагог мәртебесі» заңының қабылдануы өзі соның айғағы. Президенттің өз өкілеттігі кезінде ешқандай партияға мүше болмауы, саяси мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға жақын туыстарының болуына тыйым салуы, халықтың билікке деген көзқарасының өзгеруіне, сеніміне әсер етті. Халық бос сөзден, құр мақтаудан шаршаған.
Елдің жанына ең жақыны – әділдік. Халық сұранысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасының үштағанын құрайды. Ол – әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам.
Ел өз таңдауын жасады. Сенім бар жерде даму бар.

Балзия Маналова, Оқу-өндірістік комбинаты директорының орынбасары

Back to top button