BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте тағы 107 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Алдыңғы күні елімізде КВИ бойынша 131 жағдай тіркелген еді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 27 қарашадағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда елімізде 990 адам коронавирус инфекциясынан (839 КВИ+ және 151 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 131-і стационарда, 859 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.