Жаңалықтар

Шымкент: Оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылыктарын арттыру

Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «ICILS – компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жұмысқа және өмірге дайындықтарын бағалау, 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылыктарын арттыру, халықаралық деңгейде ықпал ету және оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру.

Әдістемелік орталығы «Менеджменттік басқару және оқу процесін аналитикалық-талдау сараптау» бөлімінің информатика және робототехника пәнінің әдіскері Мөлдір Ахметқызы ұйымдастыруымен өткен семинар барысында ағымдағы жылдың сәуір айында өткен апробациялық мектептер бойынша «ICILS – халықаралық зерттеуіне» оқушыларға қолдау көрсету және дамыту жұмыстарының барысы туралы ақпараттар берілді. Аталған шараға Абай ауданына қарасты білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысып, семинар соңында шебер ұстаздар өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.

ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектептегі білім беру оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары бес тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әртүрлі аспектілерді қарастырады. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға бағытталған.

ICILS-тің негізгі қатысушылары – жасы 13,5-14,5 жасқа сәйкес келетін 8-сынып оқушылары. 8-сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан аспайтын кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып алынады. Қазақстанда көрсетілген жас санаты – 8-сынып оқушылары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button