Нұр-Сұлтан
Астана қаласы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы
Мемлекеттік конфессиялық қатынастардың негіздерін түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру мақсатында 2022 жылдың басынан бүгінге дейін Астана қаласы бойынша 600 жүзден астам ақпараттық түсіндіру кездесулер өтіп, 25 мыңға жуық қала тұрғынын қамтыды.
Сондай-ақ, Орталық қызметкерлері ұйымдастыруымен орталықтың ресми аккаунттарында («Instagram» – @elorda_din, «Facebook» – @elorda.cir және YouTube – Elorda-Din) 27 онлайн тікелей эфир ұйымдастырылды. Жалпы қаралым саны 10 000-нан астам адамды құрады.