BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан мен Франция бірлесіп Жамбыл облысында жел электр станциясын салады

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салу туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Екі ел арасындағы келісімге қол қою рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

“Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар”, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жоба жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Back to top button