Қытайдың екі ірі қаласында наразылықтардан кейін ковидтік шектеулер жеңілдетілді
Қытайдың ірі қалаларында Гуанчжоу мен Чунцин елдегі коронавирусқа қарсы қатаң шаралардан туындаған жаппай наразылықтардан кейін коронавирустық шектеулерді жеңілдетілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Чунцинде коронавируспен ауыратын науқастармен тығыз байланыста болған адамдарға белгілі бір шарттарды сақтай отырып, карантинде үйде болуға рұқсат етілді. Гуанчжоуда да шектеулер азайды.
Қытайдың вице-премьері Сун Чунлан вирустың ауру тудыру қабілеті төмендеп бара жатқанын айтты. Ол, сондай-ақ тестілеу, емдеу және карантин саясатын одан әрі «оңтайландыруға» шақырды.
Шетелдік қауіпсіздік сарапшыларының пікірінше, ҚХР-ның бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуы наразылықтардың жаңа себебі болуы мүмкін. Өйткені халық Си Цзиньпинді онымен салыстырады. Цзян Цзэминь халықаралық аренада келіссөздер жүргізіп, батысқа ашық болды.
Telegram-да наразылық білдірушілер тобында Цзян Цзэминь өлімі талқыланды, ал кейбір қытайлықтар биліктің саясатына наразы болып, оның өлімі халықтың жиналуына заңды негіз береді дейді.
ҚХР билігі коронавирустық шектеулерге қарсы наразылықтарға қатысқан адамдарға қатысты тексеруді бастады.