BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы сәл төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 468,45 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 468,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 467,90 теңге, сату – 471,58 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,12 теңгеден сатып алынып, 471,25 теңгеден сатылып жатыр.