BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды
Алматы облысында «Лексус» маркалы көлік қағып кеткен оқушылардың біреуі көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 25 қазанда Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан 5 баланы қағып кеткен еді.
«Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Оқушылардың үшеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Төртінші бала ауыр жарақат алмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.
Көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске салайық, балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған.